weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматылық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Алматылық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Алматылық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?
ашық дереккөзі
 width= Алматы қалалық білім басқармасындағылар оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Newsroom ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Ведомство мәліметінше, үшінші тоқсанда Алматыда бұрынғыдай кезекші сыныптар болады.
Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева үшінші тоқсанда 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін 15 баладан артық емес кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат етілгенін айтты.
"Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көрсетіледі). Кезекші сыныптарда балаларды оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі", - деді Жылқыбаева.
Сондай-ақ, үшінші тоқсаннан бастап 9 және 11 сынып оқушылары аралас оқуға көшетіні белгілі болды. Яғни, сабақтың 70 пайызы оффлайн, ал 30 пайызы онлайн режимде өткізіледі.