Нұр-Сұлтанда медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

ашық дереккөзі

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram-каналында Ақмола облысында коронавирус жұқтырған (26 сәуір 14:35-тегі жағдай) адамдар туралы дерек жариялады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Ақмола облысының Шортанды ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған - 1990 жылғы азамат Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесінің медицина қызметкері. Ол вирусты жұқтырған адаммен жақын араласқаны үшін тұрғылықты жері бойынша үй карантинінде 16 сәуірден бастап отырған.

Сондай-ақ, Целиноград ауданында КВИ жұқтырғандар статистикасы өзгерді. "Шапағат" АӘҚО бойынша жақын байланыста болған адамнан алынған талдау вирусты жұқтырғанын көрсетті. 1988 жылғы қызметкер 9 сәуірде карантиндік стационарға жатқызылған еді.
Екі жағдай бойынша да санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Науқастар Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады. COVID-19-ды Ақмола облысында 93 адам жұқтырған. Целиноград ауданында - 83, Аршалы ауданында және Көкшетау қаласында - төртеуден. Шортанды ауданында енді екі адам тіркелді.

Жүктелуде...