Тоқаев: Мен Назарбаевтан ақыл сұрауға ұялмаймын

03 Маусым, 2019 1518 0

NewsROOM+. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты.

Ресейлік арнаға берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан президенті болу қиын емес пе? Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаев секілді көшбасшыдан соң қиындық тудырмай ма?" деген сұраққа жауап берді. 

"Қиын, бірақ бастысы - жауапкершілік. Сенің қолыңда мемлекет тағдыры тұрғанын түсінесің. Бұл - ең бастысы. Мұндайда мен Нұрсұлтан Әбішұлымен ақылдаса аламын. Одан кеңес сұрауға ұялмаймын. Қазақтықтың төркіні сонда жатыр деп ойлаймын", - деді Тоқаев. 

stan.kz


Тегтер: НұрсұлтанНазарбаев, Тоқаев, президент, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.