

ҚХА сессиясына ұйымға мүше республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің делегаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Қазақстанда тіркелген халықаралық бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысып жатыр.
Ассамблея депутаттары қалай сайланады?
Бүгінде парламенттің төменгі палатасы – мәжілісте 107 мандат бар. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізіммен сайланады. Халық оларға кешегі сайлауда дауыс берді. Енді Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланатын тағы 9 депутат анықталады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы осы ұйым ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеуге алған. Олар:- ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
- Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
- "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
- "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
- "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
- "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
- "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
- "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.