Түркия президенті Режеп Ердоған WhatsApp мессенджерін пайдаланудан бас тартты деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның мұндай шешіміне мессенджердің құпиялылық саясатының өзгеруі себеп болған.
Түркия президентінің әкімшілігі бұған дейін WhatsApp-та құрылған топтарды Turkcell Iletisim Hizmetleri AS-ке тиесілі BiP қосымшасына көшірмек. Ердоғанның баспасөз қызметі журналистерге осы қосымшаға ауысуға кеңес берді.