Коронавирустың "британиялық" штамы Ресейде алғаш тіркелді

Коронавирустың "британиялық" штамы Ресейде алғаш тіркелді

ашық дереккөзі

 width= Ресейде коронавирустың британиялық штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  хабарлайды.

"Ресейде - коронавирустың "британиялық" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркеліп отыр, ол Ұлыбританиядан оралған Ресей азаматынан табылып отыр. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Попова хабарлады", - деп жазады Mash Telegram-каналы.
Еске салсақ, бұған дейін ДДСҰ британиялық коронавирус штамының жылдам таралып, өрши түскенін растаған еді. Лондондағы эпидемиологиялық ахуал өте қауіпті деңгейге жетті. Ауруханаларда орындар жетпей, бос орын табылмауда. Қала әкімі төтенше жағдай режимін енгізді. Бүгінгі таңда Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі әлемнің бірнеше елдерінде – Қытайда, АҚШ-та және Еуропа аймақтарында таралуда. Оның Қазақстанда таралу қаупі қаншалықты жоғары екенін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде сөз еткен болатын.
"Мамыр айы мен қыркүйек айы аралығында табылған 130 сынамаға генетикалық зерттеу жүргіздік. Вирустар арасынан британдық мутация табылған жоқ. Бұл вирустар Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ және Қытайда табылған вирустарға ұқсас. Бүгінгі күні біз келесі генетикалық тестілеу жүргізу үшін қазан мен желтоқсан аралығында аймақтардан табылған сынамаларды жинап жатырмыз", - дейді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Жүктелуде...