Қорқаулар малымызды да, жанымызды да талап жатыр (мысал)
Қорқаулар малымызды да, жанымызды да талап жатыр (мысал)
Кезінде совет өкіметі келіп жатқан тұс болса керек. Қазіргі Қаратаудың етегіндегі бүгінгі Абай-Бабай ауылы маңында болған оқиға екен.
Бір байдың мыңғырған малы, екі төбеті болыпты.
Екі төбеті аймақтың басқа иттерін қан қақсатып, бүкіл ит атаулыда тең келер сабалақ табылмапты, екеуінің мықты деген аты шығып, елдің аузында аңызға айналыпты.
Сол төбеттердің бірін бай үйіне келген бойда төрде ілулі тұрған мылтықты ала сала атып тастайды. Екіншісін де атқалы мылтықты оқтап жатқанда қатыны, бала-шағасы бәрі жабылып, екінші төбетті аттырмай аман алып қалады. Сондағы, байдың ашуына тиген оқиға былай болыпты...
Сол күні бай бір қырдың басында қойларын бағып, алыстан қарап тұрса, ана қырдың астынан бір шаң шығады. Сол ақ екен соңына ілесіп жүрген екі төбеті байдың атының бауырына кіріп қыңсылап жата қалады. Байқап қараса, жаңағы шаңның артында, бір көкжал қасқыр бұларға тіке беттеп, қарсы шауып келеді екен.
Ел қорыған...
Бірақ, соларды бағалай алмай ішіміздегі иттерге талатып қойып қарап тұрамыз...
Ал қорқаулар малымызды да, жанымызды да талап жатыр....
Досай КЕНЖЕТАЙ