15 қаңтар үндеу. Президент реформалар дайындалып жатқанын айтты

15 қаңтар үндеу. Президент реформалар дайындалып жатқанын айтты

ашық дереккөзі

 width= ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың жаңа топтамасы жайында айтты, деп хабарлайды Newsroom ақпарат агенттігі. 

«Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп, онда реформалар мәселесіне қатысты өте байыпты әңгіме болады», - деді Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Президент елде азаматтық қоғамның жоғары белсенділігі байқалып келе жатқанын атап өтті.
"Сайлау өте жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Әзірге ешқандай заңбұзушылық жоқ. Десе де біз бақылап отырмыз. Бұл жолғы сайлау – қоғам, әсіресе азаматтық қоғам үшін үлкен сынақ. Мен бәрі жақсы өтеді деген үміттемін", - деді мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Тоқаев мәжіліске әртүрлі партия кіретініне қатты үміттенетінін жеткізді.
Президент парламентте ел болашағына қатысты қызу пікірталас күтетінін мәлімдеп, өте сапалы заңдар қабылдануы тиіс екенін айтты.

Жүктелуде...