Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың белсенділігі туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 16-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,5 пайызы алды", - деді ол брифингте.
Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші:
Ақмола облысында – 56,9%;
Ақтөбе облысында – 45,6%;
Алматы облысында – 58%;
Атырау облысында – 45,6%;
Шығыс Қазақстан облысында – 62%;
Жамбыл облысында – 63,4%;
Батыс Қазақстан облысында – 53,5%;
Қарағанды облысында – 58,8%;
Қостанай облысында – 62,4%;
Қызылорда облысында – 60,9%;
Маңғыстау облысында – 43,3%;
Павлодар облысында – 57,8%;
Солтүстік Қазақстан облысында – 62,4%;
Түркістан облысында – 53,6%;
Нұр-Сұлтанда – 41,1%;
Алматыда – 25,3%;
Шымкентте – 49,2%.
Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 18-00 және 20-00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.