Сайлауға қатысты жаңа мәлімет жарияланды

Сайлауға қатысты жаңа мәлімет жарияланды

ашық дереккөзі

 width= Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың белсенділігі туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 16-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,5 пайызы алды", - деді ол брифингте. Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші:

  • Ақмола облысында – 56,9%;
  • Ақтөбе облысында – 45,6%;
  • Алматы облысында – 58%;
  • Атырау облысында – 45,6%;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 62%;
  • Жамбыл облысында – 63,4%;
  • Батыс Қазақстан облысында – 53,5%;
  • Қарағанды ​​облысында – 58,8%;
  • Қостанай облысында – 62,4%;
  • Қызылорда облысында – 60,9%;
  • Маңғыстау облысында – 43,3%;
  • Павлодар облысында – 57,8%;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 62,4%;
  • Түркістан облысында – 53,6%;
  • Нұр-Сұлтанда – 41,1%;
  • Алматыда – 25,3%;
  • Шымкентте – 49,2%.
Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 18-00 және 20-00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.  width=

Жүктелуде...