Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Бейбітшілік және Келісім сарайында балалар үшін қайырымдылық шарасын өткізеді

01 Маусым, 2019 1095 0

NewsROOM+. 2019 жылдың 1 маусымында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Сәуле Айтпаева  халықаралық балаларды қорғау күніне орай көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық акциясын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - мерекелік көңіл-күй орнату, сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен бірге балаларға қуаныш сыйлау, әр балаға ойындар, би мен әндер арқылы таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады. Мейрамды өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Балаларды қорғау күні мерекесі алғаш рет 1950 жылы тойланды. Тарихының тереңдігіне қарамастан, бұл мерекені ең көңілді, ең жас мереке дей аламыз. Себебі 1 мамыр Жер шарының ең жас өкілдеріне арналған майрам.

Бейбітшілік және келісім сарайында Сәуле Мұханбедианқызы балалар мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтап, сыйлықтар (ойлау қабілетін дамытатын ойыншықтар мен тәттілер) табыс етеді.

Дәстүр бойынша, іс-шара 5-12 жас аралығындағы 65 бала үшін өткізіледі.

Қайырымдылық мерекесінде аниматорлармен ойын-сауық бағдарламасы, тәтті дастархан және балаларға арналған сыйлықтарды табыстау жоспарлануда.






Тегтер: БалақұқықтарыжөніндегіУәкіл, мультфильм

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.