Атырауда Сайлау есімді қыз дүниеге келді
Атырауда Сайлау есімді қыз дүниеге келді

"Біздің отбасымызда балаларға мағыналы ерекше есімдер беру әдетке айналған. Мысалы, үшінші қызымызды Құралай деп атадық, ол көктемгі "құралай" кезінде дүниеге келген. Бұл екі-үш күн қатты жаңбыр жауып, жел соғатын кез. Бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға осы маңызды сәтпен байланыстырып есім қойғанда тіпті күмән болған жоқ", - деді жас ана.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сайлау күнінің бірінші жартысында Атырау облысында 12 бала - бес ұл мен жеті қыз дүниеге келген. Еске салайық, 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.