Атырауда Сайлау есімді қыз дүниеге келді

Атырауда Сайлау есімді қыз дүниеге келді

ашық дереккөзі

 width= Атырауда нәрестеге Сайлау есімі берілді. Шынар Төлеушова қызының дүниеге келгендегі қуанышын Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаумен байланыстыруды ұйғарған. Бұл туралы "Прикаспийская коммуна" жазды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

"Біздің отбасымызда балаларға мағыналы ерекше есімдер беру әдетке айналған. Мысалы, үшінші қызымызды Құралай деп атадық, ол көктемгі "құралай" кезінде дүниеге келген. Бұл екі-үш күн қатты жаңбыр жауып, жел соғатын кез. Бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға осы маңызды сәтпен байланыстырып есім қойғанда тіпті күмән болған жоқ", - деді жас ана.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сайлау күнінің бірінші жартысында Атырау облысында 12 бала - бес ұл мен жеті қыз дүниеге келген. Еске салайық, 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Жүктелуде...