Қазақстан Президенті сайлауда дауыс берді

Қазақстан Президенті сайлауда дауыс берді

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы да таңдауын жасады. Президент елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Бұл жерге жиыны 3040 адам тіркелген. Таңдауын жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, арнайы сұхбат берді. Осы жерде Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та Президент сайлауынан кейін орын алған ахуалға қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар сайланып жатқандарға теңдей мүмкіндік жасалғанын айтты.

"Халқымыз белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Белсенділік жоғары. Бұл сайлау халқымыздың бұдан әрі дамуына серпін береді деп ойлаймын. Парламентке неғұрлым көп партия кірсе, еліміздің болашағы үшін соғұрлым жақсы. Маңызды мәселе – Парламенттің заңдарды сапалы қабылдауы. Қазақстан үшін сапалы заңнама жүйесі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жүктелуде...