Сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықты тіркеген видео пайда болды
NewsRoom
Сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықты тіркеген видео пайда болды
Facebook-те сайлау учаскесі бақылау камерасына түсіп қалған бейнежазба жарияланды. Онда бірнеше бюллетеньді бір мезетте дауыс беру жәшігіне салғаны көрсетілген. Жазба авторының айтуынша, бұл Қазақстанда орын алған жағдай. Алайда, шын мәнінде, бұл ескі видео және өткен жылдың шілде айында Мәскеуде түсірілген болып шықты. Видеоның түпнұсқасын Twitter-ден көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған.