"Назарбаев университеті элиталар не байлар үшін ашылған жоқ": Елбасы оқу орны жайлы сын айтқандарға жауап берді

31 Мамыр, 2019 621 0

NewsROOM+. Назарбаев универитетіне тек біліммен түсуге болады. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. 

Назарбаев оқу орнының түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты, деп жазады Sputnik.

"Бастапқыда бұл идеямызға ешкім сенбеді. Бұл Назарбаев университеті тек байлар мен элиталардың ғана ордасы деген әңгіме айтылып жүр. Бірақ сіздер бұл сөздің жалған екенін дәлелдейтін шәкіртсіздер. Әрбіріңіз мұнда тек біліммен келуге болатынын айта аласыздар", - дейді елбасы. 

Елбасы оқу орнына түсу үшін барлық өңірде Назарбаев интеллектуалды мектебі ашылғанын атап өтті. 

"Алыс ауылдардан келіп Назарбаев мектебінде оқитын балалар бар. Сол мектептің түлектері сіздердің оқу орындарыңызға келеді. Ол мектеп жайлы да сын айтатындар бар. Бұл мектеп еліміздегі ең транспарентті оқу орны. Барлық жерде солай болғанын қалаймын", - деді Назарбаев. 

Назарбаев университетінің ашылғанына 9 жыл өтті. Сол уақыт аралығында мемлекеттік басқару, медицина, өзге де салалар бойынша Қазақстанның брендіне айналды. 

"Жоба Қазақстанда ғана емес, посткеңестік елдерде де көш бастап тұр. Сіздер осындай білім ордасында оқыған ең бақытты жастарсыздар", - деді елбасы. 

31 мамыр күні Назарбаев университетінде 900-ден астам түлек диплом алды. Оларды құттықтауға Қазақстанның тұңғыш президенті арнайы келді.

Дереккөз: stan.kz

Тегтер: назарбаев, университет, елбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.