Алиментке қарызы барлар жүргізуші куәлігінен айырылады

31 Мамыр, 2019 557 0

NewsROOM+. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен «Проблемалық алименттерді өндіріп алу» мәселелері бойынша жиын өтті. Ағымдағы жылы Әділет департаментіне 118 арыз түскен. Оның 54-і алимент мәселесі бойынша арызданған.

Олардың көбісі жалғызбасты аналар. Азаматтар алимент төлемеу үшін жұмыс орнын, табысын және тұрғылықты мекен жайларын жасыру арқылы жалтарып отырған. Басқосуда сөз алған ҚР Жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Ернар Ибраев, соңғы жылдары алимент төлеушілер саны артып келе жатқанын айтты.

Ернар Ибраев, ҚР Жеке сот орындаушылар палатасының басшысы: «Азамат алимент төлеуден жалтарып жүр. Оларды іздестіру жұмыстары тиісті мекемелер тарапынан жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, бұл алимент төлемеудің кейбір категориялары қылмыстық іске жатпайды».

Айта кетейік, бұдан кейін алимент төлемеген азаматтарға жүргізуші куәлігінің күшін жою, елден шығу, қылмыстық жауапкершілікке тарту сыңды шаралар қолданатын болады. Сондай-ақ, шаһар басшысы осы мәселені түбегейлі шешу үшін арнайы жұмысшы топ құруға тапсырма берді.

otyrar.kz


Тегтер: алимент, куәлік, жүргізуші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.