Бір ай бұрын коронавирустан қайтыс болған әйел тірілді
Бір ай бұрын коронавирустан қайтыс болған әйел тірілді
Эквадордың Гуаякиль қаласының тұрғыны, 74 жасар әйел коронавирустан қайтыс болған. Бір айдан соң, қайта тірілгені туралы хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты жергілікті El Comercio басылымы жариялаған. Ондағы мәлімет бойынша Альба Марури Гранда атты қарт әжейдің 27 наурыз күні дене қызуы 42 градусқа дейін көтеріліп, тыныс алуы қиындаған.
Ауруханаға жеткізілген ол комаға түскен. Алайда дәрігерлер егде тартқан әйелдің аты-жөнін шатастырып, басқа өлген әйелді тіркеп, туыстарына хабарлаған. Арада бір апта уақыт өткен соң мәйітті өртеп, өліктің күлін туыстарына тапсырған.
Ал мәйіттің туыстары елдегі коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай аяқталған соң, мәйітті көмуге биліктен рұқсат күтіп отырған.
Бірақ 24 сәуірде Гранда әжей есін жинап, сіңлісіне телефон соғып, үйіне алып кетуін өтінген. Дәрігерлер қателіктерін мойындап, Гранда отбасынан кешірім сұраған. "Біз отбасының қандай жағдайды бастан өткізгенін білеміз. Сол кезде қайтыс болғандар мен ауруды жұқтырғандардың көптігінен қателік кеткендігін айтқан әжейдің жиені Лаура Морла.
Алдағы уақытта Гранда әулеті ауруханадан жерлеу жұмыстары және өлікті өртеуге кеткен жалпы соммасы 2 мың долларлық шығындарды қайтаруын талап етуде.