Ұлын қарамағына жұмысқа алған маңғыстаулық әкім сөгіс алды

31 Мамыр, 2019 1270 0

NewsROOM+. Маңғыстаудағы Сенек ауылы әкімінің ұлы әкесінің жүргізушісі болып қана қоймай, қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланатыны туралы желі пайдаланушысы пікір жазып қалдырған. Әдеп жөніндегі кеңес бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, тексеру жүргізді, деп хабарлайды инАктау.

Тексеру барысында Сенек ауылының әкімі шын мәнінде өз ұлын жеке жүргізушісі етіп алғаны анықталды. Әкімнің өзі ауылда басқа жүргізушілердің жоқ екендігін айтып ақталды.

"Сенек ауылы әкімі аппараты тарапынан "автокөлік жүргізушісі" мамандығы бойынша сұраныс болған жоқ. Бұл ретте қызметтік автокөлік Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу және егу жұмыстарын жүзеге асыру үшін пайдаланылған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әдеп кодексін бұзғаны үшін әкімнің кінәсін мойындағанын назарға ала отырып, "сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

elitar.kz

Тегтер: маңғыстау, әкім, бала

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.