Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Nur Otan: Бізді ортақ мақсат біріктіреді – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру

Nur Otan: Бізді ортақ мақсат біріктіреді – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру

Nur Otan: Бізді ортақ мақсат біріктіреді – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру
ашық дереккөзі
 width= "Nur Otan" партиясының Лисаков қалалық сайлауалды штабы және Лисаков қалалық және Қостанай облыстық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар Лисаков қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымдарымен кездесулерін жалғастыруда. «Nur Otan» партиясынан Лисаков қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұхамадиева Күлзада Хамитқызының "Алтын Өмір" ЖШС ұжымымен кездесуі өтті. Кандидат кездесуге қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы бес жылға белгіленген жеті басым міндетке тоқталды, әрбір адам өзіне және өз отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру үшін үлкен жұмыс жүргізілетінін айтты. Бізді ортақ мақсат біріктіреді - әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру. Перспективада өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Кездесуде жаңа өндірістерді ашу және отандық өндірушілерді қолдау, азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың алдағы сайлауы – бейбітшілік, тұрақтылық, амандық және табысты болашақ үшін өз дауысын беру мүмкіндігі, – деп атап өтті Күлзада Хамитқызы.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының Сайлау қорынан төленді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату