Илон Маск әлемнің ең бай адамы атанды

Илон Маск әлемнің ең бай адамы атанды

ашық дереккөзі

 width= Соңғы мәліметтерге сәйкес, Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск дүние жүзіндегі ең бай адам атанды, оның байлығы 188 миллиард доллар деп бағаланды. Осылайша, Маск 2017 жылдан бері бірінші орында келе жатқан Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты басып озды. CNBC мәліметінше, Илон Маск 2020 жылды 27 миллиард доллармен бастап, топ-50-ге әрең іліккен. Бірақ бір жылда Tesla акциялары бес есе өскен. Шілде айында Маск Уоррен Баффеттен озып, миллиардерлер тізімінде жетінші орынға жайғасты. 2021 жылы Tesla сатылымы көбейе түсті: қаңтарда компания бір жылда жарты миллион автокөлік шығарғаны туралы есеп берді. Маск дүние жүзіндегі ең бай адам атанғаны туралы Twitter желісінде білді. Кәсіпкер оған екі жазба арқылы жауап берген. Бастапқыда: "Қызық" деп, артынша: "Жұмысқа кірісейік" деп қысқа қайырған.

Жүктелуде...