Назарбаев: Бірде-бір елге Қазақстан сияқты толықтай жойылып кету қаупі төнбеген

31 Мамыр, 2019 749 0

NewsROOM+. ҚР президентінің телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың қуғын-сүргін жылдары жайлы айтқан видеосын желіге жүктеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Әлемде бірде-бір ел, бірде-бір халық өз елінде демографиялық жағдайдағы осындай бұрылысты бастан кешкен жоқ және Қазақстан секілді толық жойылып кетудің алдында тұрған емес. Біз аман қалдық, ұлт ретінде ұйыса білдік, біз мейірімсіз болып кетпедік, кектенген жоқпыз, 20 ғасырдағы жантүршігерлік трагедияға ешкімді айыптамадық.

Біз табандылық танытып, сталинизмнің барлық жазықсыз құрбанына көмектестік», — дейді Елбасы.

Егеменді Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң болды.

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.





Тегтер: НұрсұлтанНазарбаев, қазақстан, елбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.