Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылады

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық кинотеатрлар жалға берілетін фильмдер болмауына байланысты жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина мәлімдеді. «Голливудтың көптеген студиясы осы қыс-көктемге жоспарланған фильм премьераларын пандемияға байланысты 2021 жылдың күзіне шегерді. Сондықтан, жақын арада көрсететін ештеңе болмай жатыр. Себебі қазақстандық продюсерлер де өз картиналарының премьераларын кейінге шегеріп тастады», - деді. Ол қазіргі уақытта 16 қазақстандық картина прокатқа шығаруға дайын екенін мәлімдеді. "Қазақстандық фильмдер көрерменнің зор сұранысына ие. Фильм көп, бірақ продюсерлер оны көрсеткісі жоқ. Бұған дейін кинотеатрлар ашылғаннан кейін қазақстандық үш фильмді көрсеттік. Олар прокатта жақсы өтті және жақсы касса жинай білді. Бірақ қазір осындай жағымсыз жағдай қалыптасып отыр", - дейді Мунира Ягудина. Қауымдастық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кинотеатрларды 1 ақпаннан бастап үш айлық мерзімге жабу мәселесі талқыланып жатыр. Мамыр айының басына Голливудтың кей фильмдерінің премьералары жоспарланған. Кинотеатр иелері осы уақытқа дейін жұмысты қайта бастауға болатын жеткілікті контент жиналады деп үміттенеді. Еске салайық, Қазақстан кинотеатрлары 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істемеді. Олар тек 2020 жылдың қазан айының соңында ашыла бастады. Осы уақыт ішінде мәдениет және спорт министрінің мәліметінше, кинотеатр иелері 20 миллиард теңгеге дейін шығынға батқан.

Жүктелуде...