Қадыров: Трамп үшін қуаныштымын

Қадыров: Трамп үшін қуаныштымын

ашық дереккөзі

 width= Дональд Трамптың Facebook пен Instagram парақшалары бұғатталды. Бұл жайтқа қатысты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өз аккаунттарының бұғатталған кезін еске түсіріп, пікір білдірді.

«Трамп екеуміздің басымызға түскен жағдай ұқсас. Құдай әділеттілік орнатты. Ол бұрын мені әлеуметтік желіде бұғаттаған еді. Қазір Дональд Трамптың да парақшасы бұғатталды. Егер ол демократияны және адам құқығын құрметтейтін болса, мұндай ештеңе де болмас еді...» - деп жазды Қадыров өзінің телеграмм-арнасында.
Марк Цукербергтің айтуынша, Трамп президент Джозеф Байденге биліктің заңды түрде өтуіне кедергі жасап "қалған уақытты пайдаланғысы келгенін" көрсетті. Айта кетейік, Рамзан Қадыровқа АҚШ билігі 2017 жылдың желтоқсанында санкция салған. АҚШ Қаржы министрлігі санкциялардың қолданылуын Қадыровты "өлтіру, азаптау және басқа да ірі көлемдегі адам құқығын бұзу" үшін жауапты деп санайтындығымен түсіндірді, деп жазды РБК.  

Жүктелуде...