Түркістан–Мақтаарал: ауданда жол, газ, ауыз су мәселелері шешіледі

Түркістан–Мақтаарал: ауданда жол, газ, ауыз су мәселелері шешіледі

ашық дереккөзі

 width= Қазақта «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер» деген жақсы сөз бар. Бұл сөздің астарында кең байтақ даланы мекен еткен дана қазақтың үлкенге деген құрметі, ілтипаты жатыр. Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев пен Сүндет Кенжебаев «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «КАНВАССИНГ» шарасы аясында ауданның дамуына сүбелі үлес қосып, ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек еткен ардагер Дүйсебай Әжіқабыловтың шаңырағында болды. Өткен өмірі мен жеткен жетістігі, төккен тері өскелең ұрпаққа өнеге болар ақсақалдың жастарға айтар өсиеті көп екен. Сонау Кеңестік дәуірді қолдан өткізіп, егемендіктің атын еттеп мінген, тоқырау кезеңдерді бастан өткізіп, қазіргі бейбіт те мамыражай заманға шүкіршілік айтудан шаршамайтын абыз қарт елдегі болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермейді. Теледидар қарап, газет-журналдардан сан салада жеткен жетістіктерден хабардар болып отырады. Өмірде көргені, көкейге түйгені көп ардагермен жүздесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, негізгі басымдықтар бойынша белгіленген бағыттарға кеңінен тоқталды. Экономика, медицина, әлеуметтік, тарихи-мәдени, ауыл шаруашылығы салаларында алдағы 5 жылда атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Ақсақалдың пікірін біліп, ұсыныстарын тыңдады.  width= Дүйсебай ақсақал үміткерлермен тілдесу барысында аудандағы жол жөндеу, елді мекендерді газдандыру, таза ауыз су мәселелерін көтерді. «Nur Otan» партиясының бастамасымен 2020 жылы аудандық бюджеттен 381 миллион теңге қаржы қаралып, 51,05 шақырымды құрайтын 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілсе, 1,6 миллиард теңгеге 62,7 шақырымды құрайтын 77 ішкі көшелерге асфальт төсеу жоспарланған. Қазірде асфальт төселген 70 көшенің 41-і «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында болса, 29-ы су тасқыны салдарынан қалпына келтірілетін көшелер. Ал, аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін құны 5 млрд теңге болатын 11 жобаның құжаттары дайындалғанын айтқан кандидаттар 6 нысанның құрылысына қазынадан қаржы қарастырылып жатқанын,  қалған 5 нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүргізілетін жеткізді.  width= Мұнан да басқа партияның ықпалымен биылғы жылы Наурыз, Алаш, Өргебас елді мекендерінің ауыз су жүйесіне 274 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылса, келесі жылы Атакент кенті мен Береке, Иіржар елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілетін болады. Бұл мақсатта бюджеттен 516 млн теңге қаржы қаралып отыр. Осы және өзге де мәселелерге тоқталған үміткерлер 10 қаңтар күні болатын сайлауға толық қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...