Бүгін сайлау алдындағы марафонның соңғы күні

Бүгін сайлау алдындағы марафонның соңғы күні

ашық дереккөзі

 width= Әр түрлі деңгейдегі: мәжіліс және маслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмыстары аяқталуда. Сайлау науқаны екі айға созылды және бүгін 10 қаңтарға белгіленген сайлау күні сайлау учаскелеріне көбірек азаматтарды тартуға бағытталған соңғы шаралар өтеді. Бүгін қалалық маслихатқа кандидат Сотников Евгений Владимирович, облыстық маслихатқа кандидаттар - Дощанова Алма Иргибайқызы және Дабылов Аслан Жұмағалиұлы "Nur Otan" партиясының өкілдері ретінде И.Омарова атындағы қазақ драма театрында кездесу өткізді. Театрдың шығармашылық ұжымы әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық бағыттағы, сондай-ақ мәдениет пен өнер саласына қатысты сұрақтарды қоя отырып, ықыласпен диалогқа кірісті.  width= Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз – халқымыздың жаңа бірегейлігін қалыптастыру және бүкіл ұлттың сапасын жақсарту. "Nur Otan" партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді қолдайды. Біз Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры"бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырамыз.  width= Осыған байланысты "Nur Otan" партиясы мынадай міндеттер қояды:

  • ұлттық дәстүрлі өнерді насихаттау,
  • қазақ тілін танымал ету және қолдануды кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту,
  • конфессияаралық саланың тұрақты дамуы және Қостанай облысының діни этикасын қалыптастыру,
  • тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу,
  • қала мен облыстың киелі және естелік орындары бойынша экскурсиялық турды іске асыру,
  • ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды жалғастыру.
Nur Otan партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады. Біз Сіздерді 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan"партиясын қолдауға шақырамыз!

«Nur Otan» партиясының Қостанай облысы, Қостанай қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Жүктелуде...