«Nur Otan» партиясының үгіт-насихат науқанының қарқын алуы жалғасуда

«Nur Otan» партиясының үгіт-насихат науқанының қарқын алуы жалғасуда

ашық дереккөзі

 width=

2020 жылы 10 желтоқсанда басталған «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат науқанының қарқын алуы жалғасуда.

Соған орай Түркістан облысы «Nur Otan» партиясының Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Асилбеков Нұрғиса мен Жабатаев Берік Кемербастау ауылдық округінде орналасқан 117-разъезд және Майлыкент ауылы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Тұрғындарды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Соның ішінде дамудың жеті басымдықтарына тоқталып өтті:

 width=

1. Экономикалық тұрақты аудан;
2. Ыңғайлы аудан;
3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
4. Жастарға арналған аудан;
5. Тарих пен мәдениетті дамыту;
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
7. Қауіпсіз аудан;

Үміткерлер ауыл тұрғындарына алдағы сайлауда берілетін әр дауыстың маңызды болатынын және еліміздің болашаққа деген таңдауы ел тұрғындарының қолында екенін айтып, 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне барып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жүктелуде...