Сөреден мәреге
Сөреден мәреге
ҚР Президентінің жарлығымен 10 қаңтарға бекітілген сайлау науқаны өз мәресіне жақындауда.
Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ильяс Мамбетов аудандағы біршама мекеме ұжымымен үгіт-насихат кездесулерін өткізуде.
Партияның сайлауалды бағдарламасын үгіт жұмыстарының өзегі етіп алған кандидат, аудандағы "Қазпошта" ұжымымен арнайы кездесіп, сайлауалды бағдарламаның жайлы аудан құру туралы бөлігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, кандидаттың бастамасымен үгіт-насихат тобы "Тұраркент су" КММ ұжымына да қонаққа барды. Кездесуде ауданды ауыз сумен үздіксіз қамтуды жолға қойған мекеме ұжымы "Nur Otan"-ды толықтай қолдайтындарын және партияның өзіне алған міндеттемелерін толық қанды орындайтындығына сенім білдіретіндіктерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді