Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Агитация кезеңінің қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

Агитация кезеңінің қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

Агитация кезеңінің қорытындысы бойынша брифинг өткізілді
ашық дереккөзі

 width=

Бүгін Түлкібас аудандық штабта үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері туралы брифинг өткізілді. Брифингті аудандық сайлауалды штабының басшысы – Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы жүргізді. Түлкібас ауданының желілік кестесінен сәйкес агитациялық кезең 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастау алып, 2021 жылдың 8 қаңтары соңғы күні болып белгіленген болатын. Осы уақыт арасында облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізген болатын.

Атап айтар болсақ «Есіктен есікке» акциясы, канвассинг-кездесулер, экспромт-кездесулер, шалғай елді мекен тұрғындарымен агитациялық кездесулер, агитациялық тікелей эфирлер, ұжым мүшелерімен бірнеше жиындар өткізілді.

 width=

Барлық іс-шараларға «Nur Otan» партиясының Түлкібас ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы арқау етілді. Бұл сайлауалды бағдарлама аудандық партия филиалының кезектен тыс XL конференциясының 2020 жылғы 10 қарашасындағы №003PQ қаулысымен бекітілген болатын.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттары айқындалған. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл сайлауалды бағдарламадағы 2025 жылға дейінгі қойылған жоспарлар мен міндеттер кезең-кезеңімін өз шешімдерін табатын болады. Жалпы үміткерлердің қатысуымен 180-ге жуық іс-шара өткізіліп, алыс-шалғай елді мекен тұрғындарымен партияның алдағы атқарар жұмыстары талқыланды. Ауыл тұрғындарынан ұсыныстар мен пікірлер алынды. Сайлаушылар NUR OTAN-ға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

 width=

«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату