Анасымен ойнаған жігіттің әрекеті қызу талқыланып жатыр (видео)

Анасымен ойнаған жігіттің әрекеті қызу талқыланып жатыр (видео)

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде кешелі бері анасының бетіне торт жабыстырып, оны видеоға түсірген ұлдың әрекеті қоғамда жұрттың ашу-ызасын туғызды.  Аталған видео инстаграм, фейсбук желісінде тарап, адамдар түрлі пікір білдіре бастады. Мәселен, Асхат Қасенғали есімді қолданушы былай деп жазба қалдырған:

Мұхтар Шаханов ағамыздың "құрметті жастар, батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпеңдер!" деген сөзі бар. Мынау міне канализацияның түбінде бойлап жүр. Сүңгіп жүр, малтып жүр. Батыстың ғылымы мен білімін ал, дамуы мен өркендеуін ал. Адам құқығы мен еркіндігін ал, бірақ есі дұрыс емес әдетін алма.Сана жоқ. Нөл, кепкен ағаш сияқты, басын ұрсаң тоңқ-тоңқ етеді. Есі дұрыс адам осылай істей мe?! Анаға қарап жүрегім ауырды(
https://www.youtube.com/watch?v=6chAinblI9I&feature=youtu.be Сіздің ойыңыз қандай? Бұл тренд пе әлде артық кету ме?

Жүктелуде...