Аязды күні жолда қалып, үсік шалғандар көбейді

Аязды күні жолда қалып, үсік шалғандар көбейді

ашық дереккөзі

 width= Елімізде бірнеше күннен бері аяздың беті қайтпай тұр. Шығыс, солтүстік аймақтарда сынап бағанасы 40 градусты көрсетіп, халықтың берекесін қашырды. Десе де, қауіпке қарамастан алыс жолға сапарлап шыққандардың көлігі қатып, құтқарушыларды әбігерге салуда. Жауапты ведомстваның мәліметінше, қыс басталғалы қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылған. Оның ішінде 14-і бала. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Бірнеше тәуліктен бері өңірлерде қыс қаһарына мініп, қытымыр мінезін көрсетіп тұр. Шығыс Қазақстан мен Солтүстік аймақтарда термометр 40 градусты көрсетіп, кей жерлерде тіпті одан да жоғарылаған. Осы ретте Полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай мамандарына да тыным жоқ. Мысалы Павлодарда бірнеше күн қатарынан сынап бағанасы түнде -40 градустан төмен түспей тұр. Салдарынан тасжол бойында машиналар тұрып қалып, қала ішінде де ондаған көлік жанып кеткен. Семейде де осыған дейін 11 адамды үсік шалып, емханаларға жүгінген. Тіпті қалаішілік автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып, тұрғындар діттеген жеріне жете алмай, әуре-сарсанға түсуде. Жауапты мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпай, сақтық танытуға шақырып отыр. Құрметті жүргізушілер, аяздың күшеюіне байланысты алыс жолға шықпаңыздар. Егер шұғыл сапарлау қажет болса, кез келген жағдайға дайын болғандарыңыз абзал. Күн райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар қызметкерлері алыс сапарларға шықпауға және ауа райы мен трассалардың жай-күйі туралы хабарламаларды қадағалауға кеңес береді. Қиын жағдайға тап болған жолаушылар ішкі істер органдарының бөлімшелеріне 102 нөмірі бойынша хабарласып, көмек сұрай алады. https://youtu.be/SSLx9N6NsEE

Жүктелуде...