Шахтинск қаласы балалар көркемсурет мектебі түлектерінің көрмесі ашылады

30 Мамыр, 2019 718 0

NewsROOM+. 2019 жылғы 3 маусым күні 11.30 сағ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) Шахтинск қ. ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі түлектері дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылады. 

«Туған өлкем» көрмесі 2018 жылдың ақпанынан бастау алған балалар шығармашылығын қолдауға бағытталған республикалық бағдарламаның аясында ұйымдастырылды.

Бұл – Елбасы кітапханасы мен Нұр-Сұлтан қ. ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебінің ұйымдастырып жатқан жетінші көрмесі.

«Туған өлкем» бағдарламасының арқасында елорда тұрғындары мен қала қонақтары еліміздегі балалар көркемсурет мектептерінің үздік жұмыстарымен таныса алады.

«Туған өлкем» көрмесінде ұсынылатын жұмыстар мектепте оқытылатын бейнелеу өнерінің сан алуан техникаларын көрсетеді. Ашылу салтанатында 50-ден астам дипломдық жұмыс ұсынылатын болады.

Бұл көрмеде Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары мен оқушыларының көпжылғы еңбегі көрсетіледі. 

Әубәкір Исмаилов атындағы Балалар көркемсурет мектебінің негізі 1987 жылы қаланды. 32 жылдық тарихы бар мектеп бүгінде өзіндік дәстүр мен тәжиребеге, түрлі жетістікке бай өнер ордасына айналып отыр.

Осы уақытқа дейін бұл мектепті түлеп шыққан 800-ден астам маман өнер саласына таптырмас үлесін қосып келеді.

Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Чехия, Германия қалаларының сәулетшілері, дизайнерлері, суретшілері мен бейнелеу өнерінің ұстаздары бар.

Ашылу салтанаты басталуына дейін қонақтар мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныбы мен дәріс нәтижелерімен таныса алады.

Шеберлік сынып 10.30 сағ. басталады.

Көрме 2019 жылғы 9 шілдеге дейін жалғасады.

Тегтер: елбасыкітапханасы, көрме

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.