Елорда іргесіндегі ауыл сегіз жыл бойы жарықсыз отыр

Елорда іргесіндегі ауыл сегіз жыл бойы жарықсыз отыр

ашық дереккөзі

 width= Жарықсыз отырғанымызға сегіз жыл болды. Жағдайдың өзгеретін түрі жоқ. Елорда іргесіндегі Тайтөбе ауылының тұрғындары арнамызға осындай шағыммен хабарласты. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Қуаныш Насимолдиннің астананың іргесіне көшіп келіп, үй салғанына 10 жылға жуықтаған. Содан бері орталықтандырылған электр энергиясы дегенді көре алмай келеді. Амалының жоқтығынан көрші шағынауданнан айына 15 мың теңгеге жарық сатып алып отыр.

Қуаныш НАСИМОЛДИН, Тайтөбе ауылының тұрғыны «Бензин құйып мотормен де отырамыз. Ол да уже күйіп кетті. Қанша адам трансформатормен тартып жатқандар бар. Отырмыз енді амалсыздан. Әкімге де бардық. Бар мән жайды айттық. Ол кісілер айтады міне құрамыз үйтеміз-бүйтеміз деп. Сегіз жыл бойы алдап келді. Шыдамның да шегі бар ғой деп сіздерді шақырдық».
Бүгінде Тайтөбе төрт бөліктен құралған үлкен ауылға айналған. Соның бірінде ғана жарық бар. Өзге бөлікте тұратын азаматтар әбден қиналғандарын айтады. Көршілерден сұрап алған тоқ жиі істен шығатын көрінеді. Соның кесірінен тілсіз жаудың құрбанына айналғандар бар. Ауыл толық жарықпен қашан қамтылады деген сауалды жергілікті атқарушы билікке қойдық. Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Тайтөбеге толық тоқ тартуға 500 миллион теңгедей керек екенін айтты. Ауданда әлеуметтік мәселесі шешілмген 50 елді мекен бар, барлығын кезек-кезегімен реттеп келе жатқандарын алға тартты.
Қанат АҒЗАМҰЛЫ, Целиноград ауданының Әкімі: «Құрылысқа қаржы бөлінсін деп облыстық, республикалық бюджетке өтінім жазамыз. Әзірге қаражат жоқ. 2021-22 жыл. Екі жыл шамамен күту керек. Оның өзінің процедурасы болады. Ол бір уақытта істелетін жұмыс емес».
Қысқасы, сегіз жыл орталықтандырылған жарықты күтіп отырған тайтөбеліктерге тағы бір-екі жыл амалдай тұруға тура келетін сияқты. Ғайыптан тайып, бюджеттен қаражат табыла кетпесе, бұл азаматтар он жылды артқа тастап барып бірақ  мәселелерінің шешімін көрмек. https://youtu.be/F_LjQVU_KMs

Жүктелуде...