Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерват аумағындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Өрт 25 сәуірде 19:00-де ауыздықталды. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орналастыру орындарына оралып жатыр", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге "Семей орманы" МОТР күштері мен құралдары жұмылған. "Су құю құрылғысы бар Ми-26Т борты арқылы 100 тоннан аса көлемде 13 төгінді құйылды. Ми-8 борты арқылы 30 тоннадан аса 13 төгінді жасалды", - деді ТЖК өкілдері.
Еске салайық, орман өрті 23 сәуірде басталған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 400-ден аса қызметкері мен 100-ден аса техникасы, сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең үлкен тікұшақ - МИ-26Т жұмылған.