
Қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме жасап.
«Казгидромет» РМК хабарлағандай, 8 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Дауылдың ықтималдығы Батыс Қазақстан облысында 85-90% құрайды, кей жерлерде тұман түсіп, қар жауады деп күтілуде.
Оңтүстік-шығыста, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
7-9 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 7 қаңтарға қараған түні облыста аяз 25 градусқа жетеді.
7-0 қаңтарда түнде Қарағанды облысында 37 градустық қатты аяз күтіледі.
6-8 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі.