Алматы халқына вакцина қалай салынады?
Алматы халқына вакцина қалай салынады?

«Вакциналау тұмау ауруынан вакцинация сияқты жүргізіледі. Ол үшін барлық емханалық мекемелер әзірленді. Вакцинатор медбикелер оқытылды. Алайда тағы бір рет қауіпсіз иммунизация бойынша тестілеуден өтеді. Бұл жұмысқа терапевтер де тартылатын болады. Қазір тізім жасап жатырмыз. Бірінші кезекте дәрігерлер, ұстаздар, полиция қызметкерлері вакцинациядан өтеді. Оның ішінде кей адамдарға салынбауы мүмкін. Мысалы аллергиясы бар, денсаулығы нашар, жүкті әйелдерге екпе салынбайды», - деді Бекшин.Оның айтуынша, қазір Алматыда тоңазытқыштар дайын. «Қалада вакцина сақталатын тоңазытқыштар жеткілікті. Бұл жұмысты Алматыдағы мемлекеттік емханалар түгел, кейбір жекеменшік емханалар атқаратын болады», - деді Бекшин.
«Вакциналау тұмау ауруынан вакцинация сияқты жүргізіледі. Ол үшін барлық емханалық мекемелер әзірленді. Вакцинатор медбикелер оқытылды. Алайда тағы бір рет қауіпсіз иммунизация бойынша тестілеуден өтеді. Бұл жұмысқа терапевтер де тартылатын болады. Қазір тізім жасап жатырмыз. Бірінші кезекте дәрігерлер, ұстаздар, полиция қызметкерлері вакцинациядан өтеді. Оның ішінде кей адамдарға салынбауы мүмкін. Мысалы аллергиясы бар, денсаулығы нашар, жүкті әйелдерге екпе салынбайды», - деді Бекшин.Оның айтуынша, қазір Алматыда тоңазытқыштар дайын.
«Қалада вакцина сақталатын тоңазытқыштар жеткілікті. Бұл жұмысты Алматыдағы мемлекеттік емханалар түгел, кейбір жекеменшік емханалар атқаратын болады», - деді Бекшин.