Жансақтау бөлімінде жатыр: Қарағандыда батуттың аударылып қалуынан зардап шеккен жеткіншекке тағы бір ота жасалды

31 Мамыр, 2019 488 0

NewsROOM+. Қарағандыда қатты желдің салдарынан батуттың аударылып қалғанынан зардап шеккен балалардың бірінің анасы тергеудің барынша әділ жүргізілгенін қалайды. Бүгінде дәрігерлер зардап шеккен жеткіншекке тағы бір ота жасаған. Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Батут аударылып қалғаннан кейін темір дүңгіршектің астында қалып қалған 14 жастағы Исатай Аманқұловтың анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп отыр. 13 жастағы мүгедек қызын тәрбиелеп отырған ана мүгедек баланы өсірудің қиындығын білемін дейді. 

«Ұлымның  жарақаты денсаулығына әсер етпей қоймайды. Мен мүгедек баланы өсірудің қандай екенін білемін. 13 жастағы қызым – кішкентайынан мүгедек. Мен ажырасқанмын... Ұлым айдалада емес, облыс орталығының дәл ортасында жүрді. Бұл мәдениет және демалыс саябағы. Неліктен жауапты тұлғалар азаматтардың демалуының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді?» - дейді Исатайдың анасы Әсел Жармағанбетова. 

Бүгінде балалардың жағдайы жақсарып келеді. Алайда жеткіншек әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, жарақат баланың алдағы жағдайына әсер етпеуі үшін, қолдан келгеннің бәрі жасалуда.

«28 мамырда оның иығына ота жасалды. Кеше жамбасына ота жасадық. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында. Ауру синдромы басылып қалды. Жалпы, бала өзін нашар сезінбейді. Есін біледі», - дейді аурухананың травматолог дәрігері Ерік Шонбаев. 


Тегтер: қарағанды, бала, батут

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.