Павлодарда жалған дипломмен жұмыс істеп келген оқытушы анықталды

31 Мамыр, 2019 501 0

NewsROOM+. Павлодар облысы Железин ауданына қарасты ауылдардың біріндегі мектепте оқытушы 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бері 200 мың теңгеге сатып алған жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

"Күдікті ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2015 жылы 25 жастағы ауыл тұрғыны Шымкент қаласында Ольга есімді әйелмен танысып, 200 мың теңге төлеп, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысындағы жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом алған",-деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Павлодар облысының прокуратурасына Түркістан облысынан аталған дипломды университет бермегені жөнінде жауап келіп түскен.

Факті бойынша ҚР ҚК 385 — бабы "Көрінеу жалған құжатты пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалатын болады.

elitar.kz

Тегтер: павлодар, диплом, мұғалім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.