
Вашингтон мэры Муриэл Баузер қаладағы төтенше жағдай режимін жаңа президентті ұлықтау рәсіміне дейін ұзартылды, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Қала басшысының үкіміне сәйкес, 6 қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде жарияланған төтенше жағдай режимі 15 күнге созылады.
АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденді ұлықтау рәсімі конституцияға сәйкес 20 қаңтарда өтуі керек.
6 қаңтардан бастап АҚШ-та тәртіпсіздіктер басталды. Дональд Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді.
Бастапқыда полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті гранат қолданып тәртіпсіздіктің алдын алмақ болған. Конгресске кіретін бірнеше кеңсе эвакуацияланды.
Тәртіпсіздік кезінде бір адам қайтыс болып, бірнеше адам зардап шеккен.