Шенділердің екпе алдым деп жұртты алдауы мүмкін бе?
Шенділердің екпе алдым деп жұртты алдауы мүмкін бе?

Олжас САЙЛАУБЕКҰЛЫ, Жамбыл облысы әкімінің Баспасөз хатшысы «Бердібек Сапарбаевтың коронавирусқа қарсы екпе салдырғанына бір аптадан асты. Денсаулығында еш өзгеріс байқалған жоқ. Әдеттегідей, қызметін атқарып жүр. Протоколға сәйкес, вакцинаны сынақтан өткізудің бірнеше кезеңі бар. Бірінші екпе салдырған соң 21 тәуліктен соң тағы бір дозасы егіледі. Ал антиденелердің қалыптасу қарқыны 180 күн бойы бақыланады».Шенеуніктеріміз вакцинаны тестілеуге қатысып жатқанда еліміздің бас дәрігері үнсіз отырды. Жаңа жылдан кейін бірден көпшіліктің алдына шыққан Алексей Цой қазақстандық және ресейлік вакциналардың тәжірибеден өткізу әлі аяқталмағанын айтты. Барлық талаптардың орындалғанын күтіп отыр екен.
Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау Министрі Әріптестерімнің екпе жасағаны жақсы. Бірақ, бір нәрсені түсіну керек. Егер Денсаулық сақтау министрі яғни маған екпе салынса, бұл халыққа вакцина дайын, 100 пайыз қауіпсіз деген белгі сияқты болып көрінеді. Сондықтан біз медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының сарапшылары вакцинаның толыққанды қауіпсіз болуын тексергенін күтіп отырмыз».Вакцина толық дайын болмаса шенеуніктер не егіп жүр деген сұрақ туындайды. Эпидемиолог маман қордаланған сұрақтарға қатысты қорыта былай деп жауап қатты.
Рафаиль КИПШАКБАЕВ, Эпидемиолог, медицина Ғылымдарының кандидаты Бұл жасы ұлғайған азаматтар. Сондықтан оларға вакцина қажет. Коронавирус қанша адамның өмірін қиғанын көрдіңіздер. Ал енді шприцтерге тоқталатын болсақ, егер бір азамат вакцина ектіргісі келмесе витамин қабылдап жүре берер еді. Елдің алдына шығып фейк ақпарат тарауына ұмтылмайды да. Ал шприцтің түп мақсату егу. Яғни, оның сұйықтықты адам ағзасына енгізбей тастайтын түрлері болмайды».Сонымен, отандық саясаткерлер вакцина салдырғандары туралы ел алдына шығып айту арқылы ұпай жинағысы келді ме әлде расымен вирусқа қарсы емнің тәжірибесіне азаматтық парызым деп танып қатысты ма ол жағы белгісіз.