Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Рождество қарсаңында 445 адам коронавирустан көз жұмды

Рождество қарсаңында 445 адам коронавирустан көз жұмды

Рождество қарсаңында 445 адам коронавирустан көз жұмды
ашық дереккөзі
 width= Ресейдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Рождество мерекесі қарсаңында бұл елде 445 адам коронавирус індетінен көз жұмды. Алайда пандемияға қарамастан рождестволық іс-шаралар атап өтілді. Шіркеуге келгендердің барлығына санитарлық нормаларды, маска мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға тура келді. Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау қызметі тұрғындарды діни мекемелерде аурудың алдын алу үшін тиісті шараларға немқұрайлы қарамауға шақырды. Сонымен қатар әр құлшылық алдында ғимараттың іші зарарсыздандырылып отыру керек делінген. Ал, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы мүмкін емес жерлерде келушілердің саны шектелетін болады. Сондай-ақ мамандар егде жастағыларға діни іс-шараларды шіркеуде емес, тікелей эфирден тамашалауға кеңес беріп отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату