Ақтауда жүкті әйел абайсызда судың орнына сірке суын ішіп қойды

16 Маусым, 2018 946 0

Маңғыстау облыстық емханасына бір стақан сірке суын ішіп қойған жүкті әйел жеткізілді. Жыл сайын осындай 15-20 жағдай тіркеледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқыс оқиға 12 маусым күні болған. Босануына аз уақыт қалған 28 жастағы жүкті әйел ауруханаға мерзімінен бұрын түсті.

Әйел сірке суын қарапайым су деп ойлап қалып, байқамай ішіп қойғанын дәрігерлерге айтып берді. Маңғыстау облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, әйелде "ішек жолдарының химиялық күйігі" анықталмады.

"Асқазан күйігі анықталмады. Мамандардың тексерісі мен медициналық көмектен кейін әйелді облыстық перинаталды орталықтағы гинекологқа жібердік", - деді облыстық аурухана дәрігерлері.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын өзін өзі өлтірмек болған немесе байқамай сірке суын ішіп қойған адамдар ауруханаға келіп түседі екен. 2018 жылы сірке суын ішіп, өзіне қол жұмсаған бір адамның өлімі тіркелген.

Тегтер: екіқабат, сіркесуы, аурухана, Маңғыстау, әйел, абайсызда, су, жүкті

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.