Трамп: «Маған тек 11 780 дауыс керек»

Трамп: «Маған тек 11 780 дауыс керек»

ашық дереккөзі

 width= Washington Post басылымы 4 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Джорджия штатының хатшысы Брэд Раффенспергермен телефон әңгімесін жариялады. Онда Трамптың штат хатшысынан президент сайлауындағы дауысты қайта санауды талап еткені естіледі. АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджия штатының хатшысы Брэд Раффенспергермен 2 қаңтар күні сөйлескен. Заң бойынша, сайлау мәселесімен штат хатшысы айналысады. Телефон арқылы болған әңгімеге бірнеше адам қатысқан. Олардың қатарында Трамптың заңгерлері мен президент әкімшілігінің жетекшісі де бар. Әңгіме барысында Трамп Джорджия штатының хатшысынан дауысты қайта санап, сайлау нәтижесін өзгертуді талап еткен. Бұл – Трамп үшін 3 қарашадағы президент сайлауының нәтижесін теріске шығарудың соңғы амалдардың бірі. 2 қаңтардағы әңгімеде Трамп Раффенспергерге "Қарашы, мен бір ғана нәрсені сұрап тұрмын. Маған бар болғаны 11 780 дауыс керек. Бұл біздегі бар саннан бір ғана дауысқа артық. Біз штатты жеңдік. Дауысты қайта санадық деуде тұрған ешнәрсе жоқ" дейді. Джорджия штатын жеңген адам 16 электордың дауысына ие болады. Сол себепті ол шешуші штаттардың бірі саналады. Қорытынды нәтиже бойынша Байден Трамптан 11 779 дауысқа көбірек алған. Бір сағаттан асқан телефон әңгімесінде Трамп оған "Сен әділ сайлауды қалауың керек. Сен республикашылсың" дейді. Раффенспергер болса, оған "Біз әділ сайлау өткіздік деп сенеміз" деп жауап береді.

Жүктелуде...