«Неге?» саяси ток-шоуын жабу туралы шешім қабылданды

«Неге?» саяси ток-шоуын жабу туралы шешім қабылданды

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық қоғамдық-саяси «Неге?» ток-шоуы жабылып жатыр, - деді «31 арнаның» бағдарламалық директоры Болат Мұрсәлім. Бұл туралы Newsroom ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Саяси бағдарламалардың жоғары рейтинг жинауы өте сирек. Десек те, ондай бағдарламалар қандай да бір деңгейде өз-өзін ақтауы керек болатын. Бірақ, өкінішке орай, олай болмады. Сондықтан, «31 арна» «Неге?» бағдарламасын жабу туралы шешім қабылдады», - деп жазған сейсенбі күні Facebook парақшасында Мұрсәлім.
Оның айтуынша, басынан бастап бағдарлама плюралистикалық ұстанымды ұстанған еді. «Бағдарламаға билік өкілдері де, оппозиция да, оның ешқайсысына да жатпайтындар қатысты. Көзқарастарға, қызметі мен жастарына қатысты шектеу болған жоқ», - деп атап өтті телеарнаның бағдарламалық директоры. Ол атап өткендей, көптеген қоңыраулар мен жан-жақтан көрсетілген қысымға қарамастан ток-шоу бірнеше жыл жүрді «Бұл бағдарламада біздің қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелері ашық және еркін талқыланды. Сондықтан мұндай бағдарламаның рейтигі жоғары болу керек еді», - деп санайды Мұрсәлім. Хабарда атап өтілгендей, шешім қабылданды. Бірақ бағдарлама әлі жабылған жоқ. Мәлімет бойынша, телеарна бұл бағдарламаны жалғастырудың қосымша нұсқаларын іздестіріп жатыр.

Жүктелуде...