Таяуда тұрмысқа шыққан Ақбота-Нұр төрт рет ақ көйлек кигенін мойындады (фото)

16 Маусым, 2018 3671 0

Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы көпшілікті шатастырған әнші Ақбота Сейітмағамбет өмірінде төрт рет ақ көйлек кигенін мойындады. Таяуда ғана Дәуренмен ресми түрде некелескен әнші желіде той көйлегімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды NewsRoom+ АА  Stan.kz сілтеме жасап.

Желіде ақ көйлек киіп түскен суретін жариялаған Ақбота Сейітмағамбет осымен төртінші рет той көйлегін кигенін айтты.Бұл әншінің түсірілім алаңында киген көйлектерінің саны көрінеді.

«Осымен 4-ші рет той көйлегін түсірілім алаңында киюдемін», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Жақында ғана Дәурен Айдарқұлов екеуі қарым-қатынастарына қатысты қауесеттердің нүктесін қойып, ресми түрде некелескен еді. Алайда жұлдызды жұп үлкен той туралы тіс жармады. Сондықтан әншінің өз тойында қашан ақ көйлек киетіні  белгісіз.

Дереккөз: http://stan.kz/

Тегтер: ақкөйлек, Ақбота, Сейітмағамбет, Дәурен, Айдарқұлов, жұлдыз, той, шоубизнес, әнші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.