2020 жыл бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Зерттеу жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты ЖОО-дан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты, деп хабарлайды Newsroom ақпарат агенттігі Академиялық адалдық Лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар:
- М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
- Қазақстан-Британ университеті;
- КИМЭП университеті;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
- Қазақстан-Неміс университеті;
- Сүлеймен Демирел атындағы университет;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- Халықаралық білім беру корпорациясы;
- Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
- Нархоз университеті.