Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған екі адам қайтыс болды
NewsRoom
Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған екі адам қайтыс болды
Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған екі адам көз жұмды. Марқұмдар қарттар үйінің тұрғындары деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларға Pfizer мен BioN-Tech компаниялары өндірген препарат егілген.
Норвегияда вакцинация науқаны желтоқсанның 27-сі басталған еді. Дәріні алдымен егде жастағы тұрғындар мен медицина қызметкерлері қабылдады.
Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы бұл елде 50 мыңнан астам адам індеттің құрығына ілікті. Олардың 450-ге жуығы осы кеселден көз жұмды.