Еліміздегі бір қала әлемдегі ең лас қалалар қатарына енді
Еліміздегі бір қала әлемдегі ең лас қалалар қатарына енді

Төлеубай ӘДІЛОВ, Эколог: Мен де мұны жаңалықты көрдім. Онда адамға аса зияны бар заттар келтірілген. Көбіне химиялық элементтер жер бетіне сіңіп, сосын адамның ағзасына өтеді. Экологтар тілінде ол заттарды "PM- 2.5", "PМ-10" деп атайды".Әдетте «PM- 2,5», «PМ-10» деген сөз, ауаға қорғасын, цинк, кадмий сынды металлдар да тарады дегенмен пара-пар. Олар адамға асу қауіпті. Әсіресе, химиялық элдементтер аллергияның көбеюіне, азғаның тітіркенуі мен обыр, демікпе сынды дерттерге де апаруы мүмкін. Сондықтан эколог бұл жерде шұғыл өзгерістер керектігін айтады. Дегенмен, экология министрі Мағзұм Мырзағалиев көк түтінді «жеңеміз» деп сендірді. Яғни одан толықтай құтылуға болатынына сенімді. Тек адамдар көмірден бас тарту керек екен.
Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР Экология, Геология және табиғи ресустар Министрі ««Тұрғындардың көбі көмір сатып алған, сондықтан әлі де газға көшуге дайын емес. Олар сатып алған көмірін пайдалануға мүмкіндік беруді сұрайды. Осылайша, келесі жылыту маусымына қарай қала ауасы тазарады дегенге үміттенгім келеді».Ведомство басшысы елордаға енді жеткен «Сарыарқа» газ құбырына үміт артады. Оның сөзінше, бүгінде 300 үй көк отынға қосылған. Тағы мыңға жуық отбасы газ қостыруға ниет білдірген. https://youtu.be/5OGkyJDQofo