weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пранк жасаймыз деп бастары әбден дауға қалды

Пранк жасаймыз деп бастары әбден дауға қалды

Пранк жасаймыз деп бастары  әбден дауға қалды
ашық дереккөзі
 width= Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Polisia.kz.-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым әкелген бейнежазба анықталған болатын. Тексеру барасында оқиға Есік қаласында 2021 жылғы 4 қаңтарда орын алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмегенімен, Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары дерекке тексеру ұйымдастырды. Дерек расталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны және “Фольксваген Пассат” автокөлігінің иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желілердегі жұрттың назарын аударту мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелген әрекеттерге барған. Ұсталғандардың айтуынша, істеген әрекеттеріне өкінеді, олар тек парақшаларына жазылушылардың санын арттырып, сосын көліктің әйгенін жөндегілері келген. Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.