Қытай билігі ДДСҰ-ның адамдарын елге кіргізбей отыр

Қытай билігі ДДСҰ-ның адамдарын елге кіргізбей отыр

ашық дереккөзі

 width= Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қытай билігі COVID-19-дың қалай пайда болғанын зерттеу үшін ұйым өкілдерін елге кіргізбей отырғанына "наразы" екенін мәлімдеді. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды. Оның айтуынша, бірнеше елдегі мамандар пандемияның себебін анықтауға дайын, алайда Бейжің әлі де оған мүмкіндік бермей отыр.

"Бұл жаңалықты естіп, қатты көңілім қалды. Топтағы екі сарапшы бұл туралы жолда келе жатқан кезде білген. Ал қалғаны соңғы сәтте бұл жаңалықты естіп, бара алмай қалған. Мен Қытайдың жоғары ресми өкілдерімен сөйлестім, бұл миссия - ДДҰ және халықаралық команда үшін бірінші орындағы мәселе. Маған Қытай ішкі процедураларды жеделдетіп жатқаны айтылды", - дейді ұйым басшысы.
Бұған дейін ДДҰ баспасөз қызметі халықаралық сарапшылар тобы қаңтарда Қытайға жаңа коронавирустың шығу себебін анықтайтыны хабарланған. Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германии, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар.  

Жүктелуде...